
[Audio] 2.1. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуы және дамуы.
[Audio] Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы.Қоршаған орта жане тәрбие - сыртқы әсерлер. Сыртқы орта, тәрбие әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы ішкі әсерлерге жатады.
[Audio] Қоғамдық өмірде адам үшін ең бастысы- әлеуметтік қатынастар жүйесінің, оның мазмұнының, көпшілік әсерінің жеке адам қалыптасуы үшін құндылығын дұрыс түсіну. Қоғамда адам қалыптасуы даралық, индивид қана емес, жеке адам деңгейіне дейін өтуі және ол бақытты, мейірімді стратегия бағытында өз өмірін құра білуі, оған жауап бере білуі тиіс..
[Audio] Жеке адам - адамның қоғамдық сипатын танытатын, өзіндік әлеуметтік сапалар және қасиеттер жинағы бар тұлға. Жеке адам тағдырға, отбасына, мектепке, басқарушыға реніш білдірмей өз тарихының авторы бола білуі тиіс..
[Audio] Жаңашылдық бүгінде адамзат үшін нақты, бірақ кең мағыналы өмір шеңберін сызды. Сондықтан кез келген таңдаудың мәдениетпен белгіленген шегі бар. «Мағыналы өмір» бұл адамзаттың барлық маңызына сай келетін, оның барлық мүмкіншіліктерін ашуға, оны өзге тіршілік иелерінен мүлдем ажырататын функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өмір..
[Audio] Оқушының сыртқы дүниемен қарым-қатынасын ұйымдастыру арқылы педагог оның іс-әрекеті мен дамуының негізгі жолын белгілейді. Өйткені педагог ұйымдастырылатын оқушы әрекетінің нәтижесін және оның құндылық деңгейін анықтай алады. Сондықтан педагог басқаратын істер кездейсоқ әрекеттерден тыс болуы тиіс. Педагог әрекеті оқушының сыртқы ортадағы мәдени құндылықтарды дұрыс қабылдауын ұйымдастыру..
[Audio] Тәрбие процесіндегі педагогтің кәсіби қажеттілігі жеке адамды дамыту процестерін ұйымдастыру. Оның рухани өсуін, мәдени жетілуін, жаңашыл болуын, яғни жеке адамның сыртқы ортамен бірлікте максималды дамуын ұйымдастыру. Ақырғы нәтижені болжаудың ең оңтайлы жолы мақсат. Мақсат - іс-әрекеттің қорытынды компоненті. Мақсат - бұл белгілі бір объектіге бағытталған, адам санасына, оның жеке қажеттіліктеріне ықпал ететін сыртқы жағдайлар мотивтері (түрткілері). Тәрбиенің ақырғы мақсаты- бұл адамзат үшін мағыналы өмір құра білетін жеке адамды қалыптастыру..